14 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кескіндемеші, суретші Салихитдин Айтбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Буырқанған бояулар» атты көрме-вернисаж дайындалды.
Салихиддин Айтбаев 1938 жылы 15 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Кішкентай кезінен ол саздан түрлі мүсіндер жасап, қабырғаға сурет салғанды жақсы көрген екен. 1961 жылы Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы сурет училищесін аяқтап, бірден түрлі көрмелерге қатыса бастады. 1965 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшесі атанды. Оның картиналарындағы басты кейіпкерлер - қарапайым адамдар. Қарапайым болса да, өте айқын. Ал портреттері реалистік стильде жазылған.
Көрме-вернисажға суретші-кескіндемешінің өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер, анықтамалықтар, естеліктер, суреттер қойылды.