«Ақ пен қара» кітабына талдау

    16 ақпан күні облыстық кітапханада танымал әнші Б.Әбдірайымовтың  «Ақ пен қара» кітабына талдау ұйымдастырылды. 

     Шараға Дін мәселелерін зерттеу орталығының психолог маманы Қ.Қойшыбаева, «Оrdа» жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы  Т.Орынбасар және «Кездесу» клубының мүшелері қатысты. Қатысушы қонақтар құмар ойын шырмауынан қалай шығуға болатыны және құмар ойын дертінен зардап шегіп жүрген жандарға қандай кеңес беруге, қалай қолдау көрсетуге болатыны туралы кеңес берді.

      Мақсаты  құмар ойындарының зардабы адамның кері кетуіне ерекше ықпал ететіндігі туралы түсінік беру, зиянды әдеттерден аулақ болуға, оларға үйір болмауға тәрбиелеу.

      Оқырмандар назарына  «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» атты кітап көрмесі ұсынылды.

16 ақпан 2023 ж. 13:27
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: