«Ауғанның отты жылдары» атты кездесу кеші

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 16 ақпан күні Ауғанстан Демократиялық Республикасынан  Кеңес әскерлері шектеулі контигентінің шығарылған күніне орай «Ауғанның отты жылдары» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.

     Мақсаты: Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

      Шараға Ауған соғысының ардагері Б.Сырлыбаев,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан №5547 әскери бөлімінің командирі С.Құспанов және сарбаздар қатысты.

      Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері басынан өткен соғыстың зардаптары, майдангер достары, ерен ерліктері туралы жастарды жігерлендіретін, патриоттық сезімдерін оятатын пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.


16 ақпан 2023 ж. 16:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: