«Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш

       22 ақпан күні облыстық кітапханада  «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жазушы, драматург қоғам қайраткері Т.Әбдіктің шығармашылығына арналған «Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

     Мақсаты: қаламгердің шығармашылығындағы  ұлттық болмыс,  идеялық-көркемдік мазмұнын ашу арқылы оқушылардың кітапқа қызығушылығын ояту.

       Шараға №176 орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушысы мен студенттері және Өркениет медициналық колледжінің студенттері қатысты. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы Г.Абдукадирова мен Л.Азбергенова  баяндама жасап, оқырмандар Т.Әбдікке  арнау өлеңдерін оқыды,  «Біз үшеу едік» пьесасынан қойылым сахналады. Оқырмандар назарына «Қаламгер» атты бейнеролик пен  «Суреткердің парасат биігі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

22 ақпан 2023 ж. 13:24
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: