«Асқақ рухты, айбынды батыр» атты тарихи-танымдық кеш

      23 ақпан күні облыстық кітапханада «Сарқасқа атты сарбаз» атанып кеткен батыр Келмембет Келдібайұлының туғанына 375 жыл толуына орай «Асқақ рухты, айбынды батыр» тақырыбында тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, елін, жерін қастерлеуге баулу. Келмембет батырдың ерліктерін насихаттау.

    Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Ахметбек, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушысы Қ.Төремұратов қатысып, үш жүздің әйгілі батыры атанған бабаның еліміздің тәуелсіздігі, халқының бостандығы жолында көрсеткен ерлігі, даналығы, әулиелігі туралы жаңа деректермен бөлісті.

     Сондай-ақ, шара барысында Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейінің оқушылары М.Әміреевтің «Келмембет батыр», Қ.Көпішевтің «Сарқасқа атты сарбаз» жырынан үзінділер оқыды.

23 ақпан 2023 ж. 13:35
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: