«Бисер ғажайыптары»

      28 ақпан күні бисерден түрлі бұйымдар жасаудан шығармашылық алаң ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарға бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру, әдемілікке, талғампаздыққа, көркем еңбекке тәрбиелеу.

     Шараны қаламыздағы орта оқу орындарының көркем еңбек пәнінің оқытушылары: №101 мектеп-лицейден Абдраманова Жанар Сағатбекқызы, №179 А.Хангелдин атындағы орта мектептен Ештай Айжан Ештайқызы, №261 мектептен Мукеева Гүлзат Ахметқызы  жүргізді.

     «Бисер ғажайыптары» атты шығармашылық алаң барысында қатысушылар бисерден кешкі қолсөмкелер, мойынға тағатын алқалар, шашқа, қолға арналған сәндік заттар жасауды ерекше қызығушылықпен үйренді.

28 ақпан 2023 ж. 12:40
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: