«Ең көп оқитын колледж» атты әдеби сайыс

       28 ақпан күні облыстық кітапханада «Ең көп оқитын колледж» атты әдеби сайыс болып өтті. Мақсаты колледж студенттерінің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік отандық және әлемдік әдебиеттерді насихаттау, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.

     Әдеби сайысқа М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі мен «ORDA» жоғары колледжінің студенттері  қатысты.

      Әдеби сайысқа қатысушылар екі  кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар поэзия жанры бойынша өздерінің таңдаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Екінші кезеңде проза жанры бойынша оқыған щығармаларының қысқаша мазмұнын айтып берді.

      Байқау қорытындысы бойынша І орынды «ORDA» жоғары колледжінің, ІІ орынды М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің, ІІІ орынды  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің студенттері иеленді. «Көркем сөз оқу шебері» номинациясы бойынша Ұ.Кентаева, «Сыршыл оқырман» номинациясы бойынша А.Тұрсынбай, «Жас қаламгер» номинациясы бойынша М.Бақтиярқызы, «Ізденімпаз оқырман» номинациясы бойынша  М.Еркінбаева марапатталды.

28 ақпан 2023 ж. 12:55
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: