Т.Әбдіковтың «Әке» повесі бойынша оқырмандар конференциясы

       28 ақпан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Т.Әбдіковтың «Әке» повесі бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шараға экономика ғылымдарының докторы Қазбай Құдайбергенов, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

       Шараның мақсаты бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру, отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру. Конференция барысында оқиға желісіне жалпылама шолу жасалып, хикаятқа арқау болған басты кейіпкер образына талдау жасалды.

28 ақпан 2023 ж. 13:10
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: