Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері С.Қожықовтың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі

      2 наурыз күні облыстық кітапханада  кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері С.Қожықовтың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі дайындалды.

       С.Қожықов – кеңестік танымал кинорежиссер. Оның есімі аталғанда даңқы дәуірге дас­тан болған «Қыз Жібек» фильмі ойымызға оралады. Қожықов ұлттық кинематография алтын қорына енген, көптеген киноленталардың қоюшы-суретшісі болды. Көркем өнердің көкжиегін кеңейтіп, қазақ киносын шырқау биікке көтерген киногердің биыл ғасыр тойы. Мерейтой иегеріне арналған кітап көрмесіне режиссердің өмірі мен шығармашылығы туралы қордағы әдебиеттер, фильмдерден суреттер, замандастарының естеліктері қойылды.

02 наурыз 2023 ж. 18:01
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: