«Қалам құдіреті» атты жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші

      3 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Дүниежүзілік жазушылар күніне орай «Қалам құдіреті» атты жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кеші болып өтті.

     1921 жылы Лондонда ПЕН клуб құрылады, бұл ағылшын тіліндегі ақындар, эссешілер және новеллашылар деген үш сөздің бірінші әріптерінен қысқартылып алынған ұғым. Сонымен қатар бұл сөз ағылшын тіліндегі «қалам» (pen) сөзіне сәйкес келеді екен.        1923 жылы Лондонда ПЕН клубтың бірінші халықаралық конгресі өтеді. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. Ал 1986 жылдың 12-18 қаңтарында ПЕН орталықтың 48 конгресі өтіп жатқан кезде қатысушылар 3 наурызды халықаралық жазушылар күні етіп белгілеуді ұсынады. Міне содан бері бұл күн ерекше маңызға ие болып, руханият жаршыларының мерекесі болып аталып келеді.

      Мереке аясында ұйымдастырылған кездесу кешіне өңіріміздегі ақын-жазушылар Р.Наурызбаева, С.Жұбатырұлы, Қ.Жәленова, Н.Рахмет сынды Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, жас қаламгерлер арнайы шақырылды. Сонымен қатар Түркістан қаласынан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі ақын С.Жоланов және Жаңақорған ауданынан Әлем Жазушылары Одағының мүшесі ұстаз ақын К.Ардақты қатысты.

     Шараны Қазақстан Жазушылар одағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас жүргізіп отырды. Кездесу кешін Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жанұзақов ашып, бірқатар ақын-жазушыларға облыс әкімі орынбасарының құттықтауын табыстады.

Қазақстан Жазушылар Одағы Қызылорда облыстық филиалы директоры Қ.Есімсейітова өңір қаламгерлерін мерекемен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

      Шара барысында жергілікті қаламгерлер кезекпен сөз алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жас ақындар өлеңдерін оқыды. Қазақ ақын-жазушылары мен жергілікті қаламгерлердің еңбектерінен «Кітап – ақылдың кілті» атты кітап көрмесі дайындалды. Шара қонақтарына облыстық филармония әншілері ән-жырдан шашу арнады.

03 наурыз 2023 ж. 18:12
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: