3 наурыз күні облыстық кітапханада М.Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын, сыншы, аудармашы Ж.Әбдірашевтің туғанына 75 жыл толуына орай «Шабыты шалқар, қаламы сұңқар» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты – өскелең ұрпаққа жазушының өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру.
Шараға Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Қабылбаева, Р.Рысмамбетова, Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Жайлыбаева қатысып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме қозғады. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, «Дала сенің ұлыңмын!» атты кітап көрмесі таныстырылды.