4 наурыз күні облыстық кітапханада «Ұлттық ойындар тәрбиенің көзі» атты ойын-викторина ұйымдастырылды.
Викториналық ойынның мақсаты: оқушылардың білім деңгейін тексеру, ойынға қабілетін қалыптастыру, сөйлеу мәнеріне үйрету, ойларын бір жүйеге келтіріп өз пікірлерін айта білуіне көмектесу.
Шараға Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі мен Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушылары ІІІ кезеңнен тұратын ойынға қатысып қойылған сұрақтарға жауап берді. Ойын өте қызықты және тартысты өтті.
Шара соңында оқушылар «Шынықсаң шымыр боларсың» атты кітап көрмесімен танысты.