«Наурыз-береке, наурыз-мереке» атты кітап көрмесі

       16 наурыз күні облыстық кітапханада «Наурыз-береке, наурыз-мереке» атты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

     Көрменің мақсаты Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны туралы түсінік беру, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу,  өскелең ұрпақтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

     Кітап көрмесі бес бөлімнен жасақталды. «Қазақ халқының салт –дәстүрлері» бөліміне  қазақтың қасиетті салт - дәстүрлері, өнегелі әдет-ғұрыптары, ырым-тыйымдары туралы, екінші «Қазақтың қолөнері - өшпес мұра» бөліміне өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы - қазақтың қолөнері, зергерлік өнері туралы, үшінші «Қазақтың дастарханы - бірліктің дәнекері» бөліміне  сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі ас мәзірі -  қазақтың ұлттық тағамдары, қонақжайлылығының зор тәрбиелік мәні туралы, төртінші «Ұлттық киім - халық қазынасы» бөліміне қарапайымдылығымен, ыңғайлылығымен, көз тартар әсемдігімен ерекшеленетін, аң терісінен, былғарыдан, жұқа киіз бен шұғадан және шеттен әкелінген жібек, қамқа, барқыт сынды маталардан тігілген қазақтың ұлттық киімдері туралы, бесінші «Ұлттық ойындар – тәрбиенің қайнар көзі» бөліміне ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын дара тұлғаны тәрбиелеп шығарудың маңызды құралы ретіндегі,  ата-бабамыздан бізге жеткен мұра сияқты өткен күн мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз ұлттық ойындар туралы әдебиеттер мен басылымдар қойылды.

16 наурыз 2023 ж. 10:32
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: