Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Оразбай Сағындықұлы Қосановтың «Танысайық төлдермен» кітабының тұсаукесері

     28 наурыз күні  облыстық  кітапханада Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Оразбай Сағындықұлы Қосановтың «Танысайық төлдермен» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.

       Іс-шараға балалар ақыны Р.Наурызбаева, ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын  Д.Торғаева  және Б.Шалғынбаев атындағы №217, Т.Есетов атындағы №264, С.Әлжіков атындағы №144, Абылай хан атындағы №140 мектеп-лицейлерінің оқушылары мен   «Айзере»   балаларды дамыту  орталығының  өнерпаз бүлдіршіндері қатысты.

    «Танысайық төлдермен» кітапшасында балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ой-өрісінің тез қабылдауына лайықталған тақпақшалар мен өлеңдер жазылған, қанық бояулармен көркемделген. Шараға қатысқан балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қойлым қойып, өз пікірлерін білдірді.

    Шара барысында «Бала тілін тапқан ақын» атты кітап көрмесі ұсынылып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді.

                                                                       

28 наурыз 2023 ж. 12:09
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: