28 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Музыкалық қонақжай» жобасы аясында «Ұршық иіре білесің ба?» тақырыбына фольклорлық сабақ өткізілді. Сабақты Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің оқытушылары Дүйсебекова Нейля мен Алпысбаева Айгүл жүргізді. Жастарға ұршық құралының шығу тарихы, жасалу жолдары және одан иірілетін жүн бұйымдары туралы толық мәлімет берілді. Ұмыт бола бастаған ұршық иіру өнерінің орнына қазіргі таңда жетілдірілген станоктар қолданысқа енгізіле бастағаны айтылды.