«Қазақстанның алтын дауысы» атты кітап көрмесі

        10 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның халық артисі, Құрмет және Парасат ордендерінің  иегері  әнші  Роза  Рымбаеваның  шығармашылық  қызметіне 50  жыл  толуына  арналған «Қазақстанның алтын дауысы» атты кітап көрмесі дайындалды.

          Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. Әншінің негізгі мамандығы – музыкалық драма актері. Роза Рымбаева – қазақ эстрадасын жаңа деңгейге көтерген кәсіби әншілердің бірі де бірегейі. Роза Қуанышқызы өзінің қазірге дейін жеткен ең басты жетістігі екі ұлы мен сахнадағы 50 жыл өмірі деп есептейді.

Кітап көрмесіне әншінің өмірі мен шығармашылығы жайында қордағы әдебиеттер мен мерзімді басылым беттері, суреттері мен естеліктер қойылды.

10 сәуір 2023 ж. 12:36
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: