11 сәуір күні облыстық кітапханада көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Ділім» кітабына талдау ұйымдастырылды. Мақсаты – М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын үлгі ете отырып, жастар арасында рухани-мәдени және жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Құдайбергенұлы, Қызылорда «Ашық» университетінің «Болашақ» құрылымдық бөлімшесінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.Медетбаев қатысты.
Қонақтар ғалымның қазақ әдебиеті мен Қазақстанның жас шығармашылық күштерінің дамуына, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға және жаңғыртуға қосқан орасан зор үлесі туралы тілге тиек етті. «Ділім» кітабының қазақ халқының әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлін, жаһандану үдерісінде ұлт ретінде сақталып қалудағы міндеті мен парызын терең сезініп, түйсінуге тигізетін әсері туралы айтты. Оқырмандар назарына «Замана заңғары» атты кітап көрмесі ұсынылды.