13 сәуір күні облыстық кітапханада «Ісмер» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Әшекей бұйымдар» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: қолданбалы өнер негіздері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен түрлі материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Шара барысында қала мектептерінің «Көркем еңбек» пәні мұғалімдері А.Алпысбаева, М.Тұраш, Г.Рисманбетова, Г.Бермағанбетқызы және Қармақшы аудандық оқушылар үйінің ұстазы, атап айтқанда «Көркемөнер» үйірмесінің жетекшісі С.Сериева қатысып өз қолдарынан жасаған бұйымдарынан шеберлік сағатын өткізді.
Шара соңында мұғалімдер бір–бірімен жақынырақ танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.