«Сатира сардары» атты танымдық кеш

       14 сәуір күні облыстық кітапханада сатирик, жазушы, журналист Әлжіков Сақтапберген Әлжікұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Сатира сардары» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.

      Кеш барысында қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері, замандастары жазушы жайлы естеліктер айтты. Сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын Қ.Есімсейітова, ардагер журналист Қ.Мырзахметұлы, С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің директоры қызметін атқарған, ардагер ұстаз С.Жұматаев, ардагер ұстаз Т.Баратов, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Құдайбергенұлы және С.Әлжіковтың немересі Ж.Әлжіков.

     Шара аясында қаламгердің «Әжеге сыбаға» сықақ әңгімесінен қойылым қойылып, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жырау, ұстаз Ш.Бейімбетова; дәстүрлі әнші Б.Қарғабаев; ұстаз Ф.Досаев және Л.Әлазиз ән орындады.

      Сондай-ақ, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорынан С.Әлжіковтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

14 сәуір 2023 ж. 16:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: