«Жақсы көңіл-күй жан шуағы» атты библиотерапия

       17 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханасы  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» атты библиотерапия  ұйымдастырды.

          Мақсаты - кітаптың көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны, жарқын әсер қалдыратыны туралы түсінік беру.

     Шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы  З.Абдирова қатысты. Шара барысында «Менің мінезім», «Ыстық картоп», «Сенің есімің» ойындары және тренингтер ұйымдастырылды. Қатысушылар ойындарға белсене қатысып, кітап оқу адам өмірін жарқын түстерге толтырып, пессимистік ойлардан арылтуға,  адамның өзін-өзі тануына көмектесетіні туралы түсінік алды.

        Оқырмандар назарына «Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап көрмесі ұсынылды.

17 сәуір 2023 ж. 17:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: