Облыстық кітапханада 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты–мәдени мұраларымызды сақтаудың, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік беру.
Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Б.Ахметбек, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеме қызметкері А.Мұсағұлова және «Өркениет», «Ұлағат» колледждерінің студенттері қатысты. Кеш қонақтары тарихи ескерткіштердің маңыздылығы, Сыр даласындағы ескерткіштер, Қорқыт ата мемориалды кешені туралы деректі ақпарат берді.