«Қаламы қуатты қаламгер» атты шығармашылық кеш

      19 сәуір күні А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, белгілі жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың  75 жылдық мерейтойына орай «Қаламы қуатты қаламгер»  атты  шығармашылық кешін өткізді. Шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Шалқар шабыт иесі»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

        Көрменің мақсаты - оқырман қауымға жазушы Б.Ұзақбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау.   

       Кітап көрмесі «Толқыннан туған талант», «Шығар күннің шуағы», «Тарихқа қалам тербеген», «Қарымды қабілет иесі» атты төрт бөлімнен тұрады. Көрмеге 50-ға  жуық кітаптар, естеліктер, әдеби-сын мақалалар мен жазушының  марапаттары  қойылды.

19 сәуір 2023 ж. 17:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: