«Kitap шоу - 2023» кітап фестивалі

       21 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Kitap шоу - 2023» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Кітап фестивалінің мақсаты – кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, кітап оқуға тарту, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту. Осы орайда мерекелік кеште Қызылорда облысы мәдениет және спорт басқарма басшысы Қазбекова Мира Жомартқызы құттықтау сөз сөйлеп,   жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл шараның тарихы мен маңыздылығына тоқталып өтті. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова,  ақын, «Жастар жанашыры» Мамыр Байдаулет және өзге де руханият жанашырлары ақыл-ойдың азығы болған кітаптың құндылығына тоқталып, кітаптың алдында бәріміздің шәкірт екенімізді баса айтты. 

        Фестиваль  қатысушыларына түрлі бағдарламалар әзірленді.

   «Ақын елдің ардағы» жергілікті жас ақындармен кездесу кеші ұйымдастырылып, М.Дауылбай, А.Бітімбай, Қорқыт Ата университетінің студенттері Ж.Бақытәлі мен Ә.Жомартұлы қатысып жыр шумақтарынан шашу шашса, «Болашаққа кітаппен» атты поэтикалық марафонда кітапхана оқырмандары жыр сүйер қауымға арнап өлеңдерін оқыды. «Кітап – ой әлемі» көрме-инсталляциясына қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер, балалар  кітаптары мен  мотивациялық кітаптар, фантастика мен детектив жанрындағы жалпы саны 500-ден асатын әдебиеттер қойылды. «Білімді шығар биікке»  тақырыбында түрлі викториналар, пазл құрастыру, мақалды жалғастыру тәрізді интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушыларынан бастап егде жастағы оқырмандарға дейін интеллектуалды ойынға қызығушылық танытып, белсенді қатысқандар болды. «Мәдениеттің мәйегі – кітап» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, «Kitap al» дүкені көпшілік сұранысына ие кітаптарды сатылымға шығарды. «Өнер әдебиеттерінің екінші тынысы» атты акция аясында оқырмандар өнер әдебиеттерінен кітапханаға тарту сый жасаса, «Ұлттық нақыштар мен жауһарлар» тақырыбындағы этноалаңда көпшілік көрермен қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрімен, көне жәдігерлерімен танысып фотосессия жасауға мүмкіндік алды.  «Менің сүйікті кейіпкерлерім»  сурет байқауында болашақ қылқалам шеберлері өз қиялынан туған дүниелерін бейнеледі. Бүлдіршіндердің бедерлі бейнелері көпшіліктің назарын аудартпай қоймады.

      Кітап фестивалін зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындары және колледж студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысып тамашалады.

21 сәуір 2023 ж. 19:15
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: