Алтын діңгекті алып еменӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында, Сыр сұңқары Әбділданың дүниеге келгеніне 106 жылдық мерейтойына арналған «Алтын діңгекті алып емен» атты жыр кеші өткізілді. Шараның мақсаты – ақынның шығармаларын насихаттау арқылы оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері арасында шығармашылық байланыс орнату. Сыр ақыны атындағы кітапханадажыр кешін өткізіп, жәдігерлерін көріп, талапты жастарды танып, ақындық әлеміне саяхат жасау арқылы әдеби-рухани орта қалыптастыру. Жыр кешінің беташары кітапхана оқырманы Қайып Арманның орындауында «Сырдария» әнімен ашылып, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасалынды. «Жауқазын-ғұмыр» клубының мүшелері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақынның жырларынан шашу шашты. Сыр тұлғасы Әбділданың Қазақ КСР-інің басшысы Д.А.Қонаевқа жазған хаты слайд арқылы оқылып, ақынның ел жағдайына бей-жай қарамай, қазақ елінің жастарының ана тілінде білім алуына ықпал жасағаны айтылды. «Ұлы заманның жыршысы» атты мұрағат көрмеде ақынның өз қолымен жазған хаттары, суреттері және кітаптарына шолу жасалды.Мұрағат көрме 4 бөлімді қамтыды. I бөлім – Әдебетіміздің асқар тауы II бөлім – Ұлттық поэзия бәйтерегі III бөлім – Сырдан ұшқан сұңқар ақын IV бөлім – Ойлы да сыршыл қаламгер Кеш қонақтары Сыр елін, туған жерін өмірінің соңына дейін жырлап өткен ақынның мұражайында орналасқан өзі тұтынған заттары, қолжазбалары мен кітаптарын көріп тамашалады. Поэзия бәйтерегіне арналған шаралар жалғасын таба бермек.
|