«Аңызға айналған ерліктер» атты танымдық сағат

       4 мамыр күні  облыстық  кітапханада Қазақстанның Халық қаһарманы, Қасым Қайсеновтің туғанына 105 жыл толуына орай «Аңызға айналған ерліктер» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.

       Мақсаты Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры  Қасым Қайсеновтің  ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Шара барысында халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзентінің өмірі мен шығармашылығына  тоқталып, «Жау тылындағы бала» повесіне талдау жасады.

      Шараға қаламыздағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының, №143 орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысып, «Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы» атты кітап көрмесімен танысты.

04 мамыр 2023 ж. 19:04
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: