«Кітап - ұлы ұстаз» атты кітап көрмесі

      10  мамыр күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап - ұлы ұстаз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты  жаңа әдебиеттерді насихаттау, кеңінен тарату.

    Көрмеде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай жарық көрген 5 томдық шығармалар жинағы, Амангелді Айталының «Ұлттану» монографиясы, Әлім Қайсардың «Махаббат жыршысы», Жұмабай Шаштайұлының шығармалар жинағы, Шәкен Күмісбайұлының «Көне күмбездің сыры», Ербол Шаймерденұлының «Елтаным», Ұлықбек Есдәулеттің «Қарғалдақ», Күләш Бейсенбиеваның «Өмір-өзен, уақыт-керуен», Ұзақбай Құлымбетовтың «Қазақ билігінің ақсақалы», Ерлан Жүністің «Мық кітабы», Кеңшілік Мырзабековтың «Сәруар» жинағы, Салтанат Минайханның «Жеңілмейтін махаббат», Аманжол Қорғанбектің «Айсберг астындағы ағыстар», Жұлдыз Тойбектің «Руханият»,  т.б.жаңа әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

10 мамыр 2023 ж. 11:47
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: