Т.Әбдіктің «Ақиқат» повесі бойынша оқырмандар конференциясы

      11 мамыр күні облыстық  кітапханада «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Т.Әбдіктің «Ақиқат» повесі бойынша оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

   Мақсаты - шығарманы талдай отырып жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Шараға «Orda» жоғары колледжінің оқытушысы Т.Орынбасар, Абай атындағы үш тілде оқытатын мектептің мұғалімі Н.Жүсіпбек және студенттер мен оқушылар қатысты.

   Конференция барысында шығармаға арқау болған  басты кейіпкер образына талдау жасалып,  №176 орта мектеп  оқушысы Д.Құрбанәлі Роберттің монологын оқыды. «Адалдық алаңындағы кейіпкер» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

11 мамыр 2023 ж. 11:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: