12 мамыр күні облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Т.Әбдікұлының «Әке» шығармасына талдау ұйымдастырылды.
Мақсаты оқу мәдениетін дамыту және қолдау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу. Шараға қаламыздағы №11, №12, №8, №264, №233, №140, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және ВAITEREK SCHOOL.KZ мектебінің оқушылары қатысты.
Шара барысында жазушының өмірі мен қызметіне арналған бейнебаян көрсетіліп, «Әке» шығармасына талдау жасалды. Шара соңында оқырмандар арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапатталып, «Ақиқаттың ақберені» атты кітап көрмесімен танысты.