«Өнер құдіреті мәңгілік» атты кітап көрмесі

       Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Өнер құдіреті мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

        Көрме «Мәдениет - өмір айнасы, өнер қоймасы», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Қылқалам құдіреті», «Театр-тәңірім, кино-іңкәрім» және «Жыр-әннің елі, Тұранның төрі - Сыр елі» атты бөлімдерден дайындалды. Көрмеге өнердің даму тарихы, сол тарих беттерінде өркениет жолында аянбай еңбек етіп, есімдері алтын әріппен жазылған ұлы адамдар туралы мәліметтер, ұлттық өнер салалары туралы әдебиеттер мен анықтамалықтар қойылды. Оқырмандар назарына ел тәуелсіздігі кезіндегі мәдениет пен өнер саласында жеткен жарқын жетістіктерді бейнелейтін тың материалдар ұсынылды.

18 мамыр 2023 ж. 16:57
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: