«Өнегемен өрілген өмір» атты дөңгелек үстел

      24 мамыр күні облыстық  кітапханада көрнекті жазушы, драматург, қоғам қайраткері  Рахметолла Райымқұловтың  туғанына 110 жыл толуына орай  «Өнегемен өрілген өмір» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

     Шараның мақсаты оқырман қауымға қазақ әдебиетінің алтын қорына мол олжа салған көрнекті қаламгердің өнегелі өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, үлгі ету.

   Шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, филология  ғылымдарының  кандидаты  А.Айтбаева, Абай атындағы үш тілде оқытатын мектептің мұғалімі Н.Жүсіпбек, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің мұғалімі С.Бауыржанқызы және оқырмандар қатысты. Шара барысында жазушы шығармашылығына тоқталып, оқушылар арнау өлеңдерін оқыды.  Көркем әдебиет рухани қазынаның қайнар көзі екендігі насихаттала келіп, «Қаламгер  өнегесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

24 мамыр 2023 ж. 12:33
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: