Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж арнайы жұмыс сапарымен болып, мәдениет, өнер өкілдері және оқырмандармен кездесті

        25 мамыр күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж арнайы жұмыс сапарымен болып, мәдениет, өнер өкілдері және оқырмандармен кездесті. Кездесуде кітапханаға қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Америка әсерлері» кітабын сыйға тартты.

      Кездесуде Бас консул Кэролайн Сэвидж, басқарма басшысы М.Қазбековалар сөз сөйлеп,Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас «М.Әуезовтің қазақ мәдениетіне әсері туралы»баяндама жасады.

     Қонақтар «Әлем таныған Әуезов» кітап көрмесімен, «Шаңырақ» интеллект-орталығымен,Қалтай Мұхамеджанов залымен және Ә.Тәжібаев мұражайымен және кітапханадағы Америка бұрышымен танысып,БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

25 мамыр 2023 ж. 12:53
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: