«Қаламгер - руханият шырақшысы» атты кездесу кеші

    26 мамыр күні «Елге сәлем» жобасы аясында Жаңақорған ауданында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қаламгер - руханият шырақшысы» атты кездесу кеші өткізілді.

     Мақсаты жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын оқырмандарға кеңінен насихаттау. Шараға Халықаралық Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Жаңақорған кентінің «Құрметті Азаматы» Сахиев Файзулла, Журналистер одағының мүшесі Үсейінова Баян, Түркі әлемі және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жәпеков Нұрлан, Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұстафаев Ерсұлтан арнайы қонақ болып оқырмандармен жүздесті. Шара барысында ақындардың өлеңдері жатқа оқылып, әндері шырқалды.

26 мамыр 2023 ж. 13:07
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: