«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тарихи-танымдық кеш

         31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай  «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

       Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, т.ғ.д., саясаткер Д.Сәтбай, ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Б.Ахметбек, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Шарманов және «Өркениет» медициналық колледж студенттері қатысты. Қуғын-сүргін көрген ұлт зиялылары және ашаршылық құрбандары жайлы тарихи мәліметтер айта келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін құрылған комиссия жұмысына да тоқталды. Шара соңында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

31 мамыр 2023 ж. 17:26
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: