1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мерекеңмен, балақай» атты облыстық кітапханада мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру, естен кетпес көңіл-күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Мерекелік шараға «Айзере» балаларды дамыту орталығы, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп, Абылайхан атындағы №140 орта мектеп және Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия оқушылары қатысып тамылжыта ән шырқап, би билеп, кештің қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.
Шара соңында барша бүлдіршіндерге арнап тегін балмұздақ таратылып, «Балалық шақтың шуақты әлемі» атты кітап көрмесі таныстырылды.