«Алғашқы шығармашылық презентациялар»

       1 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Алғашқы шығармашылық презентациялар»  айдарымен арт-студия оқушысы Оразбаева Айшабибінің жеке  көрмесі ұйымдастырылды.

      Оразбаева Айшабибі  2006 жылы Қызылорда қаласында туған. №235 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы. Студияға келіп жүргеніне 3 жылдан асты. Мектепаралық, қалалық, облыстық сурет байқауларына қатысып,  жүлделі  орындар  иеленіп  келеді. Жұмыстарында көбіне  кескіндеменің жан-жақты бағыттағы техникаларын қолданады. Сондықтан да болашақта дизайнер мамандығына оқуға түсуді  жоспарлап  отыр.

      Көрмеге  Айшабибінің  түрлі  тақырыптарға  салынған суреттері қойылды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін студия оқушысының жұмыстары  бір ай бойы оқырмандар назарына ұсынылатын болады.

01 маусым 2023 ж. 17:52
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: