«Жақсы кітап - жан азығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

        8 маусым күні облыстық кітапханада адамды жігерлендіруге бағытталған мотивациялық кітаптардан «Жақсы кітап - жан азығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырман қауымды кітапханамызға келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру, мақсатқа жетуге құлшыныс туғызатын, талпыныс жігерін арттыратын,  өзін дамытуға  психологиялық тұрғыдан ақпараттар алатын кітаптарды оқырманға ұсыну.

       Көрмеде әлемдегі ең табысты кәсіпкердің бизнес принциптері жайлы баяндалған  Р.Керктің  «Метод Илона Маска», Дж.С.Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам», Б.Бұқарбайдың «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», М.Кондоның «Жинақы өмірдің таңғажайып құпиясы» және т.б. кітаптар оқырман назарына ұсынылды.


08 маусым 2023 ж. 18:29
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: