«Бес жылдыққа - бес әдеби сапар» «Тарихи Түркістаннан – Қасиетті Қызылордаға»

   9 маусым күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Бес жылдыққа - бес әдеби сапар» атты рухани мәдени іс-шара өтті. Шараны ашу үшін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас сөз алып, Қызылода облыстық кітапханасы атынан Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасына 3500 кітап сыйға берілді. Келген қонақтарды фойеде ұйымдастырылған «Тарихи Түркістаннан – Қасиетті Қызылордаға» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сонан соң мәжіліс залындағы іс-шараға ұласып, киелі Түркістан шаһарының бүгінгі келбеті бейне ролик арқылы көрермендер назарына ұсынылды. Түркістан облысынан арнайы делегатты бастап келгендер ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының Түркістан облысы филиалының төрағасы Айдар Сейзадым, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сайлаухан Жоланов, ақын, композитор, қобызшы Шерхан Әлібеков, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сердалиев Нұрғали Ғабитұлы, мәдениет және Туризм басқармасының баспасөз хатшысы Тұрсынай Шаметова, ақын, журналист, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Ерман Бауыржан Мейірханұлы және Түркістан облысына қарасты аудандық кітапхана басшылары болды. Екі жақты танысулардан соң  Қазақстан жазушылар одағының Қызылорда облысы филиалының төрағасы Есімсеитова Қаршыға Құрмашқызы сөз алып бүгінгі Қызылорданың әдебиет пен мәдениет саласындағы облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар легіне тоқталып, Фараб кітапханасына сәттілік тіледі. Шара аясында Түркістандық жыршылар жырдан шашу шашып,  арқалы ақындар өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Экологқаламгер, «Парасат» орденінің иесі Сайлаубай Жұбатырұлы, профессор Қазыбай Құдайбергенов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов, Қазақстан Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі Омаров Қали  және өзге де зиялы қауым өкілдері екі өңірдің арасындағы әдеби-мәдени, рухани байланыстың еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті. Шара соңында БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, естелік фото суретке түсті.

09 маусым 2023 ж. 19:25
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: