9 маусым күні облыстық кітапханада «Діни экстремизмге тосқауыл» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.
Шараның мақсаты - діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және азаматтарды барынша ақпараттандыру, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу, сақтану жолдарын көрсету.
Шараға «Сырдария-Ақмешіт» мешітінің найб имамы Әлішер Ақбаев, Облыстық дін істері басқармасына қарасты «дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев қатысып пікір алмасып, оқырман сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысып, естелік суретке түсті.