7 маусым күні облыстық кітапханада «Арулар әлемі» жобасы аясында мүсін жасаудан және граттаж, яғни тырмалап сурет салудан шеберлік сабағы болып өтті. Сабақты қаламыздағы №267 және №261 орта мектептердің көркем еңбек пәнінің оқытушылары Стамшаева Сағыныш пен Султангазина Малика жүргізді.
Жастарды әдемілікке, тұрақтылыққа тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын және қол моторикасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сабағы барысында қазақы нақышта бірнеше мүсіндер дайындалды. Сонымен қатар граттаж техникасын, яғни тырналап сурет салу жолдары көрсетілді. Сабақ барысында дайындалған мүсіндер мен суреттерден көрме ұйымдастырылды.