23 маусым күні «Жазғы кітапхана» жобасы аясында «Ойлы болсаң, озып көр» атты интеллектуалды ойын өткізілді.
Мақсаты – жеткіншектердің кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, білім қөкжиегін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, білімге құштарлығын арттыру, тез ойлау қабілетімен қойылған сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Шараға №8 П.Осипенко атындағы күндізгі тынығу лагерінің «Балдәурен» тобының балалары қатысты.
Ойынға қатысушылар «Жүйрік болсаң, озып көр», «Тұлғаны тани біл», «Ойлан да, аяқта», «Жеті жұрттың тілін біл», «Бәйге» атты айналымдарынан өтіп білімге деген ұмтылыстарын көрсетті.