KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Сыр шерткен сирек кітаптар» (виртуалды кітап көрмесі)

25 тамыз күні облыстық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Сыр шерткен сирек кітаптар» айдарымен  мұқабалары ескірсе де мазмұны мен мәнін ғасырларға ғибрат еткен сирек кітаптардың виртуалды көрмесі ұйымдастырылды.

Оқырман назарына ұсынылған қолжазбалар мен латын харпіндегі кітаптардың қатарында М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, «Жүсіп – Зылиха» ғашықтық дастаны, Л.Акимнің парсы тіліндегі «Аңыздар мен әңгімелері» кітабының  түркі тіліндегі аудармасы, К.Ахаджиптің «Араб тілінің оқулығы», ескі түрік тіліндегі «Мәулет кітабы», Сабат-Ул-Муназараның араб тіліндегі екі томдық «Дін кітабы», түрік тіліндегі өлеңмен жазылған діни қолжазба «Сопы Аллаярдың хикметі», парсы-араб тілдеріндегі «Пайғамбарлар туралы кітап», Қ.Әбдіқадырұлының «Тәтті қауын» әңгімелер жинағы, І.Жансүгіровтің «Колхоз тойы» пьесасы, С.Керімбековтің «Өлеңдер жинағы», балаларға арналған «Қазақ ертегілері», А.Құнанбаевтың «Толық жинағы» мен «Шығармалар жинағының екі томдығы, төте жазудағы Ғ.Орманұлының «Өмір дастаны», М.Өтемісовтің «Өлеңдері», С.Торайғырұлының «Толық шығармалар жинағы», А.Тоқмагамбетовтің «Таңдамалы өлеңдері» мен «Қаскелең» жинақтары  бар.

Көптің қолына түсе бермейтін, өз дәуірінің үні мен сырын қаламның ұшымен өрнектеген қолжазбалар, уақыт жүгін көтерген көне кітаптар сіздер үшін қашан да қызықты болатынына сенімдіміз. Кітапханамызға келіп, кітаптар әлемінің көне жәдігерлеріне бойлап көріңіз!

25 тамыз 2023 ж. 16:56
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x