«Дәстүрді дәріптейік» атты пікірталас ұйымдастырылды.

     20 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Дәстүрді дәріптейік»  атты пікірталас ұйымдастырылды. Мақсаты - дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақ бойында адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастыру.

     Шара қонақтары Мәдениет саласының ардагерлері Г.Мұхамедиярқызы, Г.Ахметова, О.Избастова, айтыскер ақын, жырау Айдос Рахметов және теолог маман Бақтияр Оспанов келіп әдет-ғұрып мәселесі, қазақы ырым-тыйымдар, дін мен дәстүрдің қабысып жататындығы жөніндегі мәліметтермен бөлісті. Қазанғап атындағы Қызылорда жоғары музыка колледжінің 3 курс студенттері Қ.Әбдікәрім, А.Ділдәбекқызы  ән мен жырдан шашу шашып, шара  қонақтарына  көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

                                       
20 қыркүйек 2023 ж. 16:38
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: