«Жылдың үздік оқырманы» атты облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының

«Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап

ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» бірлесіп ұйымдастырған

мемлекеттік қызметкерлер арасында өтетін

«Жылдың үздік оқырманы» атты облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты: Мемлекеттік қызметкерлердің кітап оқу мәдениетін арттыру.

Байқаудың міндеттері: 

1. Жылдың үздік оқырманын анықтау;

2. Азаматтардың дүниетанымын, интеллектуалдық әлеуетін, жеке басының мәдениетін көтеруге ықпал ету.

3. Үздік отандық және әлемдік әдебиеттерді насихаттау.

Байқаудың өтетін уақыты: 2023ж.  25  қыркүйек -30  қараша аралығы.

Өтетін орны: Ә. Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасы.

         «Жылдың үздік оқырманы» байқауы  «Оқитын ұлт» мәдени жобасы аясында өткізіледі;
 Байқауға облыс көлеміндегі барлық мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады;

 Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;

         Мемлекеттік қызметкер байқауға  қатысуға  өтініш  дайындап, ұйымдастырушыларға қазан айының 25-не дейін электронды пошта арқылы жолдаулары  қажет. Онда толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, байланыс  телефоны, мекен-жайы (облыс, қала, аудан ) көрсетілуі тиіс.

                                                        Байқаудың шарттары:

- Байқауға қатысушы  мемлекеттік  қызметкер  жергілікті  кітапхананың оқырманы болып тіркелуі тиіс;

- әрбір  қатысушы «Жылдың үздік оқырманы»  байқауы  аясында танымал қазақстандық және шетел авторларының бір шығармасын (роман, повесть, поэзия) кітабын  оқып бітіруі керек.

- поэзия  жанры бойынша өзі таңдаған  ақынның бір өлеңін таңдап, нақышына келтіре мәнерлеп оқу. Уақыты 3 минуттан аспауы шарт.

-  проза  жанры бойынша оқыған шығармасын  талдау. Уақыты 5 минуттан аспауы шарт.

 

Байқау екі кезеңнен  тұрады:
– бірінші кезең (аудандық) ағымдағы жылдың  25 қыркүйек– 25 қазан аралығы.
– екінші кезең (облыстық) ағымдағы жылдың  30 қарашасында өтеді.

Байқаудың бірінші кезеңінің (аудандық) қорытындысын қазылар алқасы анықтайды. Алқа құрамы аудандағы білікті мемлекеттік қызметкерлер мен тәжірибелі кітапханашылардан тұрады. Аудандық кезеңде жүлделі орынға ие болған қатысушы облыстық байқауға жіберіледі. Байқаудың екінші кезеңінде, (яғни облыстық) аудандық кезеңнен үздік деп танылған жеңімпаздар сынға түседі.

Байқаудың жеңімпаздарын қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы анықтайды. Байқау жеңімпаздарына  облыстық басқармалардың, қоғамдық ұйымдардың және жекелеген демеушілердің арнайы бағалы сыйлықтары табысталады.Сондай-ақ байқаудың қорытындысы БАҚ жарияланады.

        

Байланыс телефондар:8 (724)2 236214,  87772609596, 87088376584

е-mail: kzlorda_ ounb@mail.ru,

Shintasov011ordagmail.com, 

Zh.shintasov@kyzmet.gov.kz

21 қыркүйек 2023 ж. 19:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: