«Балапан саз» кітабының тұсаукесері

 28 қыркүйек күні «Балапан саз» заманауи балалар әндері антологиясының тұсаукесері болып өтті. Кітап тұсаукесеріне әндері жинаққа енген  жергілікті  композиторлар:  ҚР  білім  беру  ісінің  үздігі Г.Жотаева, ҚР мәдениет саласының үздігі С.Шынымов, ҚР мәдениет саласының үздігі Т.Нағашыбаев, Ресбуликалық байқаулардың лауреатары Ғ.Дауылбаева,  Л.Сүйінбаева және жинақ құрастырушысы Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері,  ҚР  білім  беру ісінің үздігі, Мәдениет қайраткері Алтын Маханбетова қатысты. Шара барысында балалар әндеріне қалам тербеп жүрген танымал композиторлардың жинаққа енген шығармалары туралы қызықты естеліктер айтылды. Кішкентай бүлдіршіндердің орындауында әндер шырқалып, көпшіліктің ықыласына бөленді.  Тұсауы кесіліп, кітапхана қорына сыйға тартылған «Балапан саз» антологиясының балалар әндерін іздеуші музыка мамандарына, өнерпаз балаларға берері мол деп сенеміз.
28 қыркүйек 2023 ж. 18:42
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: