10 қазан күні облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шаңырақ» интеллект орталығында мектеп оқушыларына арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету курсы өткізілді.

     10  қазан күні облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шаңырақ» интеллект орталығында мектеп оқушыларына арналған компьютерлік сауаттылыққа үйрету курсы өткізілді. Мақсаты - ақпаратты екілік кодтау түрлерін, берілген сөзді екілік кодта және ондық кодта жазуды, сөздердегі ақпарат көлемін санап салыстыруды үйрету.

     Шарада Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімдері Г.Ерназарқызы, С.Айдарбекова «Екілік ақпаратты ұсыну» тақырыбында дәріс жүргізді. Кітапхананың ақпараттық сервистік қызмет көрсету секторының меңгерушісі А.Баймбетова «Canva бағдарламасы және оның мүмкіндіктері»  тақырыбында  шеберлік сабағын өткізді.

     Оқушылар графикаларды жасауды, әлеуметтік желідегі жазбаларды,  логотиптерді, мәтіндер, құжаттар, тақталар, презентациялар басып шығаруды үйренді.

10 қазан 2023 ж. 19:28
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: