27 қараша күні облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиеленушілеріне арнап «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» тақырыбында библиофреш өткізді. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау, ғылым мен білімнің пайдасын ұғындыру, зерттеп-зерделеу секілді қасиеттерді бала бойына кітап арқылы сіңіру.Шара барысындакітапханамызға жаңадан келіп түскен қазақ және шетел әдебиеті жауһарларымен таныстыра отырып, балаларды кітап оқуға шақырды.