21 қараша күні облыстық кітапханада «Ертегімен бірге өсеміз» атты ертегілер шеруі болды

    Ертегі – қай халықтың фольклорында да  ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімін, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та баланың ой қиялын ұштайды, сөздік қорын молайтады.
   Осы орайда 21 қараша күні облыстық кітапханада «Ертегімен бірге өсеміз» атты ертегілер  шеруі болып, аталған шараға қаламыздағы «Сыр-Берекесі»,  «Жеті қазына» бөбекжай жеке балабақшасының  бүлдіршіндері және  Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің, Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты. Кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара соңында бүлдіршіндер ән шырқап,  би биледі.
21 қараша 2023 ж. 18:02
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: