«Әбілқайыр хан хақында» атты Әбілқайыр ханның 330 жылдық мерейтойына арналған танымдық кеш ұйымдастырды.

      17 қараша күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әбілқайыр хан хақында» атты Әбілқайыр ханның  330 жылдық мерейтойына арналған танымдық кеш ұйымдастырды.
     Мақсаты – қазақ ханы Әбілқайырдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның ерлігін насихаттау.       Кешке ақын, «Құрмет» орденінің иегері Мамыр Байдаулетов, Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп лицейдің тарих пәнінің мұғалімдері А.Байкенова, Г.Имашова қатысып,  қазақ ханының өмірі мен ерліктері жайында тарихи деректермен бөлісті. Кеш соңында қатысушылар «Әбілқайыр хан хақында» атты кітап көрмесімен танысты.


17 қараша 2023 ж. 18:08
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: