«Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

     16 қараша күні облыстық кітапханада «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Көрменің мақсаты жастарды ізгілікке, мейірімділікке, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу және кітапхана қорындағы отбасылық құндылықтар туралы әдебиеттерді насихаттау.  
      Көрмеге Ф.Бизақованың «Отбасылық дағдарыс психологиясы», «Тал бесіктен жер бесікке дейін», «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді» атты отбасы хрестоматиясы, Х.Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» С.Қалиевтың «Тәрбие хрестоматиясы» С.Ғаббасовтың «Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі». Сонымен бірге С.Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие», Ж.Байжанованың «Ұлыма ұлағат», «Қызым саған айтам», С.Б.Дорженовтың «Инабаттылық иірімдері» атты еңбектері мен  «Жарасымды жанұя», «Отбасы және денсаулық», «Мәдениет», «Игілік» атты мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар ұсынылды.
16 қараша 2023 ж. 18:13
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: