Тау тұлға – Темірбек Жүргенов

  Облыстық  кітапхана ұйымдастыруымен  оқушылар арасында «Тау тұлға – Темірбек Жүргенов» тақырыбында эссе жазу байқауы жарияланған болатын. Байқауға Қызылорда қаласы және аудан орталықтарынан бірнеше оқушылар қатысып, нәтижесінде: І-дәрежелі дипломмен  Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 7«Б» сынып оқушысы Н.Қалиядин,  ІІ-дәрежелі дипломмен  Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы М.Серікжанқызы, С.Лапин атындағы №261 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Г.Серік, ІІІ -дәрежелі дипломмен  Арал ауданы, Қосжар ауылдық кітапханасының  оқырманы И.Елеусізова,  Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 7«Г» сынып оқушысы А.Иманқұл,  Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылы №111 орта мектебінің  8 сынып оқушысы А.Дарханқызы және өзге де қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
08 қараша 2023 ж. 19:20
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз: